• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қыркүйек, 2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

562 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қуандықұлы Шаймерденов «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді. 

Ал Күзембек Станбайұлы Әденов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.